Бүгін бүкіл әлем 1 сағатқа электр қуатын өшіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін бүкіл әлем 1 сағатқа электр қуатын өшіреді

25.03.2023

Қазақстан биыл бұл шараға 14-ші рет қатысқалы отыр. Астана қаласында сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Бәйтерек, Хан Шатыр орталықтары және спорттық сарайлар сыртқы шамдарын бір сағатқа сөндіреді.

«Жер сағаты» дүниежүзілік акциясына жыл сайын 180 мемлекет қатысады. Миллиондаған адамдардан бөлек, мыңдаған сәулет ескерткіші мен маңызды ғимараттар жарықтарын өшіріп, энергия көздерін үнемдеуге атсалысады.

Акцияның мақсаты - табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.  

Хабарламаларға жазылу