Жапонияда жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті

14.03.2014
Жапонияда жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті
Жапонияның оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 18 адам жарақаттанды. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,2 балды құраған. 
Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Жер сілкінісінің кіндігі Ішкі Жапон теңізінде Хонсю, Кюсю және Сикоку аралдарының ортасында болған. Зардап шегушілердің басым бөлігі сөрелердегі заттардың үстеріне түсуінен, жердің тербелуінен құлап, жарақаттанған.

Апат салдарынан Хиросимадағы 8 мың үйге электр қуатын беру бірнеше сағатқа тоқтатылған. Сондай-ақ автомагистральдардағы көлік қозғалысы да шектелген.

Хабарламаларға жазылу