Ресейдің әуе шабуылдарынан кейін украиналықтар энергетикалық дағдарысқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің әуе шабуылдарынан кейін украиналықтар энергетикалық дағдарысқа ұшырады

21.10.2022

Ресейдің әуе шабуылдарынан кейін украиналықтар энергетикалық дағдарысқа ұшырады. Елдің энергетика министрлігі халыққа сағат таңғы 7-ден кешкі 11-ге дейін электр қуатын үнемдеу қажеттігін ескертті. Бүгіннен бастап жарық бірнеше сағатқа өшірілуі мүмкін.

Бұған қоса Киев және Харковь қалаларында электрлі көліктердің орнына троллейбустар қатынай бастады. Пойыз қозғалысы азайды. Ал Кривой Рог қаласында бүгін тағы бір электр станциясына соққы жасалып, 600 мыңдай тұрғын мүлдем электр жарығынсыз қалды.

Кей аудандарда сумен қамтамасыз ету жүйесі істен шыққан. Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинаның энергетикалық және әскери нысандарына алысқа дәлдеп тиетін қарумен соққы беріп жатқанын мәлімдеді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу