Түркияда отандастарымыз сайлау науқанында жоғары белсенділік танытты
Биылғы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында дауыс беру учаскелері жұмыс істеді. Бір ерекшелігі үш учаскеде де жастар өте белсенді болды. Саяси науқанға келгендердің шамамен 70 пайызы студенттер еді. Тіпті, өз қаласында сайлау учаскесі жоқ студенттер көршілес ірі қалаларға барып дауыс берді. Ыстамбулдағы 255 сайлау учаскесіне келген белсенді жастар ел ертеңі үшін таңдау жасау арқылы өз болашағымыздың іргетасын қалайтынымызға сенімдіміз дейді. Жырақта жүрсе де ел мүддесі үшін аз да болса, үлес қосуды парыз санайды.
Нұрдәулет Бейбітов, «Сакария-Қазақстан» жастар ұйымының жетекшісі:
Қазақстанда болып жатқан жағдайлар, шетелде оқып жатсақ та, біз үшін өзекті де маңызды. Өз елімізге бір пайда үлесімізді тигізсін деген оймен даусымызды бердік. Осы жақтағы студенттердің көбі 18-ге енді толғандар. Сайлауға бірінші рет қатысып жатқандар. Жүз қазақ болып Сакариядан Ыстамбулға келдік. Елімізді көркейтуге, жаңартуға, жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09