Түркиядағы Ыстамбұлға көршілес қалалардан да келіп дауыс беріп жатыр
Түркияда да бүгін сайлаушылар белсенді. Лег-легімен келіп жатқан азаматтардың көбі сол елде оқитын студенттер. Ел болашағына бейқам қарамайтын жастар тіпті Ыстамбұлға көршілес қалалардан да келіп дауыс беріп жатыр. Түркияда саяси науқан қалай өтіп жатыр екен? Анадолы еліндегі тілшіміз Айдос Әшімұлын тікелей эфирге қосайық.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Армангүл! Біз тұрған Ыстамбұл қаласындағы №255 сайлау учаскесінде дауыс берушілер легі қазір шамалы саябырсыды. Түркияда дауыс беру учаскелерінің жабылуына әлі бірнеше сағат бар. Осында тіркелген 500-ге жуық азаматтың басым бөлігі түске дейін таңдауларын жасап үлгерді. Тіпті дауыс берушілердің көптігінен сайлау учаскесінің алдында ұзын-сонар кезек те пайда болды. Көпшілік саяси шараға отбасыларымен, кішкентай балаларын да ертіп келіп жатыр. Азаматтық ұстанымын білдіруге келгендердің арасында алғаш рет дауыс берген жастар көп. Ыстамбұл қаласындағы сайлау учаскесіне көршілес Бурса, Сакария қалаларынан да еліміздің азаматтары келіп жатыр. Наурыз мейрамы қарсаңындағы саяси науқанға келгендер Ыстамбулдағы Бас консулдық ыстық палау таратып мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал Түркиядағы үш сайлау учаскесінде де осы сағатқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 14 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берді
02.04.2026, 20:59
Қоқыстан қалай табыс табуға болады?
02.04.2026, 20:58
Түркістанда «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті
02.04.2026, 20:54
«Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды
02.04.2026, 20:52
Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан
02.04.2026, 20:50
Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді
02.04.2026, 20:17
Қарағандыда жоғалған бала полиция мен еріктілердің арқасында аман-есен табылды
02.04.2026, 20:15
Еңбек құлдығына түскендердің арасында ІТ-мамандары басым
02.04.2026, 20:15