Мәскеуде алдын ала тіркеуден өткен адамдардың 30 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді
Ресейде соңғы ақпаратқа сәйкес адам дауыс берді. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі нөмірі 265 сайлау учаскесінен тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр.
Индира Бегайдар, тілші:
Мәскеуде алдын ала тіркеуден өткен адамдардың 30 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді. Отандастарымыз өте белсенді. Тіпті қолында сәбиі бар аналарды да көріп тұрмыз. Бүгін Мәскеуде күнІ бойы жаңбыр жауып тұр. Дегенмен тек қаладан емес, облыстардан да Ресейде уақытша тұрып жатқан отандастарымыз келіп жатыр. Әр учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. Жалпы нөмірі 265 сайлау учаскесінде халықаралық байқаушылар саяси науқанның әділ өтуін қадағалап отыр.
Андрей Брыксенков, халықаралық байқаушы:
Бүгінгі сайлау науқанында азаматтардың белсенділігін көріп отырмыз. Адамдар жоғары көңіл-күймен келіп, дауыс беріп жатыр. Дауыс беру учаскесі ашылған кезден бастап байқап отырмыз, ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ.
Көрсеткіштер сағат сайын жаңаруда. Саяси науқан барысында Мәскеу және облыстан келген отандастарымыз бір-біріне жылы тілектерін айтуда. Іргелес елдегі дауыс беру процесі туралы алдағы хабарларымызда тағы баяндаймыз.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16