Саяси науқан күні АҚШ-та үш сайлау учаскесі жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси науқан күні АҚШ-та үш сайлау учаскесі жұмыс істейді

17.03.2023

Саяси науқан күні АҚШ-та үш сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олар ел астанасы Вашингтонда және қазақтар көп шоғырланған Нью-Иорк пен Сан Франсиско қалаларында ашылады. Қазақстан азаматтары таңғы жеті мен кешкі сегіздің арасында өз таңдауларын жасай алады. Жалпы ұзын саны төрт жүздей адам дауыс беруі мүмкін. Оның ішінде осы елде уақытша тұрып жатқандар, жұмыс бабымен келген азаматтар, білім қуып жүрген студенттер және елшілік қызметкерлері бар. Айта кетейік, қонданыстағы заңданмаға сәйкес, шетелде дауыс берудің өзіндік ерекшелігі бар. Бюлетендерде Мәжіліске сайлауға түсіп жатқан партиялардың ғана тізімі болады. Яғни, төменгі палатаға өз өзін ұсынғандар мен мәслихат депутаттығына үміткерлер қосылмайды. Демек, шетте жүрген қазақтар саяси бірлестіктер арасынан таңдау жасай алады. Бұдан бөлек, уақыт айырмашылығына байланысты әлем бойынша ең соңғы болып АҚШ-тағы учаскелер жабылады.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу