Жетісу облысында 447 сайлау учаскесі жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 447 сайлау учаскесі жұмыс істейді

08.11.2022

Жетісу облысында кезектен тыс Президент сайлауы кезінде 447 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Өңір бойынша 445 мыңнан аса тұрғын дауыс береді деп жоспарланып отыр.

Конституциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасайтындарға үш мыңға жуық комиссия мүшесі қызмет көрсетеді. Облыс орталығы Талдықорғанда комиссия мүшелеріне арналған семинар-тренинг өтті. Жиынға жергілікті сайлау комиссиясының мүшелері, партия және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты.

Басқосуда сайлауға дайындық барысы пысықталып, жауаптылардың білім-біліктіліктері тексерілді. Туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Тимур Дәуітов, Жетісу облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлау учаскелері жүз пайызға дайын. Өйткені біз недавно референдум өткіздік. Сайлау комиссияларының мүшелері 97 пайыз оқыту өткізген сертификат алған. Опыты бар. Тәжірбиесі бар.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу