Қарағанды облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді

19.03.2023

102 жастағы Сәбилә Орманбаеваның Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Құлайғыр ауылындағы сайлау учаскесіне таңсәріден келіп дауыс берді. 

Ғасыр куәгері осы жасына дейін барлық саяси науқаннан қалыс қалмаған. Еңбек етіп, үнемі қимылда жүргендіктен ешқашан ауруханаға жатып көрмеген. Қазір де көрпе тігіп, нан илейді. «Қозғалыс – денсаулық кепілі» деп біледі. Көпті көрген сүйегі асыл кейуана 9 баладан 25 немере, 6 шөбере сүйген. Сәбилә әже сайлаудан соң ел келешегіне оң өзгерістер келсін деп жүрекжарды батасын берді.  

Сәбилә Орманбаева, Құлайғыр ауылының тұрғыны:

Сайлауларың жақсы өтсін! Келешектерің жарқын, заман тыныш болсын!

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу