Шымкентте ғасыр құрдасы таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ғасыр құрдасы таңдауын жасады

05.06.2022

Жасы 100-ге келген шымкенттік Зара Ыбырайымқызы да бүгінгі референдумда өз таңдауын жасады. Қарияның жүріп тұруы қиын болғандықтан комиссия мүшелері жылжымалы дауыс беру жәшігін үйіне алып келді. Қос ғасырдың куәгері болған кейуана алдымен ел болашағын айқындайтын айтулы күнге орай көпшілікке ақ батасын берді. Сонан соң өз таңдауын жасады. Қилы заманды бастан өткерген кейуана «Әркім өз өміріне жауапты. Жақсы тіршілік – жауапты таңдаудың нәтижесі. Ал референдум - келешек үшін керек дүние, - дейді.

Зара Ыбырайымқызы, Шымкент қаласының тұрғыны

 Өзгеріс болғаны дұрыс емес пе? Халық үшін, ел үшін, жұрт үшін жақсылық болсын деп дауыс береміз. Халыққа жақсылық қылсын. Шетелдің жақсы деген елдеріндей халық, ел болайық!


Хабарламаларға жазылу