Аида Әбіл, тілші:
Қазақстан мен Еуропадағы Польша елінің уақыт айырмашылығы бес сағатты құрайды. Польша астанасы Варшадағы Қазақстан елшігінің ғимаратында №271 сайлау учаскесі де таңғы жетіден жұмысын бастады. Қазақстан азаматы ретінде мен де жаңа ғана өз таңдауымды жасадым. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі ретінде қызметтік куә¬лі¬гімді көрсетіп, сайлау учас¬ке¬сіне кіруге мүмкіндік алған едім. Мұнда адам дауыс береді. Атап өту керек, Украинадағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері де бүгін Варшаваға келіп дауыс беретін болады. Украинадағы жағдайға байланысты ол жақта сайлау учаскелері ашылған жоқ. Бүгін еліміз жаңа саяси кезеңнің алдында тұрғаны белгілі. Сондықтан Варшавадағы сайлау учаскесіндегі жағдайды әлі толық баяндайтын боламын. Әлбина, сөз кезегі өзіңізде.
Аида Әбіл