Қарағанды облысының бес ауданына тасқын қаупі төніп тұр
Қарағанды облысында 149 елді-мекенді су басуы мүмкін. Әсіресе, Қарқаралы, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра және Абай аудандарында жағдай ушығып тұр. Егер күн күрт жылынса, қызыл су ауылдарға кіруі ықтимал. Қазір облыс аумағының біраз бөлігінде қар көбесі сөгіле қойған жоқ. Биыл Нұра өзенінің ылғалдылығы да 28 пайызға жоғары. Сондықтан жағадағы елді-мекендерге қауіп басым. Дегенмен, төтенше жағдай қызметі тасқынға тас түйін әзірміз дейді. Өзен мұздарын жарып, суағарлар мен арықтар тазаланған.
Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД басшысы:
Біз енді қазір бір жерде қауіп бар, бір жерде қауіп жоқ деп нақты айта алмаймыз. Өйткені бүкіл жағдай ауа-райына байланысты. Күрт өзгеретін болса, күніне 14-15 градусқа дейін көтерілетін болса, онда қардың тез еруіне байланысты елді-мекендердің басына су кіруі мүмкін.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16