Ұлыбританияда 300 мың мұғалім ереуілге шықты
Англияда 23 мыңнан астам мектеп екі күнге жабылып, оқушылар сабаққа бармады. Себебі мұғалімдер ереуілге шығып, жалақыны өсіруді талап етіп жатыр. Қазіргі жағдайды Лондондағы тілшіміз Марина Бекеновадан білейік. Марина, сіз эфирдесіз.
Марина Бекенова, тілші:
Кәсіподақ ұйымына мүше мұғалімдер бұған дейін де ереуілге шыққан. Олар жалақыны инфляцияға сәйкес көтеруді және еңбек шарттарын жақсартуды талап еткен. Бірақ биліктегілер құлақ аспады. Сондықтан ұстаздар қауымы тағы бас көтерді. Педагогтар күнкөріс деңгейінің күрт төмендеп кеткенін айтады. Елде бәрі қымбат: азық-түлік, жарық пен газ, жалдамалы пәтер ақысы. Ипотекалық несиелердің проценттік мөлшерлемелері аспандап кеткен. Мұғалімдер шыдас бермей, жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Мұғалімдер өздеріне лайықты жалақы ұсынылмайынша наразылық шараларын тоқтатпаймыз дейді. Биліктегілер болса, келіссөздер жүргізуге шақырып жатыр. «Алдымен инфляцияны екі есеге дейін азайтуымыз керек. Жалақыны көтерсек, қымбатшылық жалғаса береді» дейді білім министрі.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысында қырмызы қызғалдақ бүр жарды
03.04.2026, 10:23
Абай облысында мектеп оқушысы экоасфальт ойлап тапты
03.04.2026, 10:22
III тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы артқан
03.04.2026, 10:17
Жылына 35 мың литр су үнемдеуге болады
03.04.2026, 10:16
Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының салық төлемдері 850 млрд теңгеден асты
03.04.2026, 10:14
Елімізде бірқатар дәрі-дәрмектің бағасы 25%-ға дейін арзандады
03.04.2026, 10:12
БҰҰ: Ливанда гуманитарлық жағдай нашарлап барады
03.04.2026, 10:08
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Иранда шабуылдан көпір қирады
03.04.2026, 10:07