Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

16.03.2023

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Тағы 5 адам жоғалып кеткен. Оларды іздеу-құтқару операциясы күні-түні жалғасып жатыр. Табиғи апат елдің оңтүстік-шығысындағы бірнеше провинцияда болды. Марқұмдардың көбі - Шанлыурфа тұрғындары. Мұнда жауын-шашын тәуліктік нормадан екі есе көп түскен. Оның үстіне бұл өңірде ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Осы салаға тасқын судан келетін шығынды азайтуға бар күш салынып жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу