Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны 23-ке жетті

27.03.2019

Сондай-ақ, 200-ден астам адам жараланған. Бір апта бойы жауған нөсерден үлкен өзендер арнасынан тасып, елде төтенше жағдай жарияланған еді.

Тасқын су үйлерді қиратып, жолдарды шайып кетті. Сонымен қатар, он мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ел астанасына апаратын шығыс тасжол жабылып, Тегеранға да тасқын қаупі төніп тұр. Ал, президент Хасан Рухани зардап шеккендердің барлығына қаржылай көмек көрсетілетінін айтып, құтқару операцияларына армияны көмекке шақырды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу