Түркиядағы апат зардаптарын жоюға атсалысқан түркітілдес елдердің үлесі өлшеусіз
Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым ұйымның Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен кездесті. Түркі мемлекеттері ұйымының Ыстамбұлдағы штаб пәтерінде өткен кездесуде Бинали Йылдырым Түркиядағы алапат жер сілкінісі кезінде ұйымға мүше мемлекеттер тарапынан көрсетілген көмектің өлшеусіз екенін атап өтті. Осы апаттың зардаптарын жоюға атсалысқан түркітілдес елдерге алғысын білдірді.
Бинали Йылдырым, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Алдағы бейсенбіде алапат апаттан кейін Түркияға қолдау көрсету мақсатында мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді. Осы қиын күндерде ұйымға мүше 5 мемлекет пен 3 бақылаушы елдің басшылары жиналып, бауырлас Түркияға қандай көмек бере алатынын тағы бір мәрте пысықтайды. Біз ақсақалдар алқасы ұйымымыз тек мемлекет басшылары деңгейінде ғана емес, қарапайым халықтар арасында да тығыз қарым-қатынаста болуы үшін қолымыздан келгенді жасаймыз.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03