Ресейде 50 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 50 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілді

15.03.2023

Ресейдегі 16 облысты су басты. Бұл соңғы бес жылдағы ең ауқымды су тасқыны дейді мамандар. Бізбен Ресейден тікелей байланысқа тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, қатты зардап шеккен қай өңірлер?

Индира Бегайдар, тілші:

Санкт-Петербург, Орынбор, Рязань облысы ең көп зардап шеккен. Бұл жақтарда барлығы 60-қа жуық елдімекенде үйлерді су басты. Құтқарушыларға 50 мыңнан астам адам эвакуациялауға да тура келді. Қазақстанмен шекаралас Самара, Саратов облысында да жағдай қиын. Елдегі төтенше жағайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сергей Булгаков, РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі:

Эвакуацияланған адамдарды уақытша ғимараттарға орналастырдық. Кей тұрғындар туыстарының үйлерін паналады. Алдағы уақытта күн жылынып, су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін.

Су тасқыны болған өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Кей ауылдарда қарғын су жол мен көпірлерді шайып кеткен. Сондықтан адамдар қайықпен қатынауға мәжбүр. Су тасқынының қауіпі әлі де жоғары. Жалпы, Ресейде жыл сайын су тасқынынан келетін шығын 75 млрд рубль шамасында болатын. Ал биыл, мамандардың айтуынша, 100 млрд рубльден асу мүмкін.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу