«Саяси доданың ішкі жұмысына атсалысатын мамандар білікті болуы тиіс» - осы мақсатта Атырауда орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен семинар кеңес өтті. Шара барысында алдымен саяси науқанға дайындық пысықталды. Кейін жиналғандар іскерлік ойын түріндегі әдіс негізінде тәжірибе алмасты. Көрініс арқылы тура сол сайлау күні болатын процесстер таныстырылды. Оқытудың түрлі форматымен елімізде бүгінге дейін сайлауға қатысатын 88 мың адам өз білімін толықтырған. Осы бағыттағы жұмыс алдағы 5 күн бойы жалғасады.
Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Осындай семинар кеңесте біздің алдымызға қоятын мақсатымыз: учаскелік, аймақтық комиссияның мүшелері өз міндеттерін, құқықтарын жетік біліп, сайлау кезінде бір жағдайлар қалыптасып қалса, соны шешу жолдарын бірге іздеу.
Жандос Темірғали