Нариман Құрбанов – Әлем кубогының жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нариман Құрбанов – Әлем кубогының жеңімпазы

13.03.2023

Бакуде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

Спортшы Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығуда үздік атанды. Ол 15 300 ұпай жинап, Ирландия мен Албаниядан келген қарсыластарынан басым түсті. Отандасымыз бір апта бұрын Катарда өткен жарыста да үздік атанған. Айта кетейік, ұлттық құрама өз тарихында тұңғыш рет әлем кубогының бір кезеңінде бірден екі алтын жүлдеге ие болды. Алғашқы алтынды еркін бағдарламада Милад Карими жеңіп алған. 23 жастағы қазақстандық спортшы финалда 14.200 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті. Екінші орын Украинадан келген Илья Ковтунға, үшінші орын АҚШ спортшысы Райли Луусқа бұйырды.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі Әзербайжан астанасында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 32 елдің спортшылары бақ сынауда.  

Хабарламаларға жазылу