25 наурыздан бастап «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасы эфирге шығады
25 наурыздан бастап Ұлттық арна эфирінен «Qazaqstan дауысы. Балалар» музыкалық мегажобасы көрсетіле бастайды. Қазір «Көрмей таңдау» кезеңінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Қатысушыларға қазылық ететін төрт тәлімгердің аты белгілі. Олар: «Ninety One» тобының мүшесі – Alem. Әнші – Мархаба Сәби, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының профессоры – Толқын Забирова және Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жұбаныш Жексенұлы. Әр тәлімгер тобына үздік дауыс иесі деп тапқан 15 баланы жинайды. Айта кету керек, жас өнерпаздардың арасында тек қазақстандық қана емес шетелден келген қатысушылар да бар.
Джеспер Хану, «The Voice Kids» жобасының өкілі:
Бұл ауқымы кең музыкалық, ойын-сауық бағдарламасы қазір әлемнің 180 елінде ұйымдастырылады. Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Ұйымдастырушылардың әрбір ұсақ-түйекке дейін мән беріп жұмыс істегені көрініп тұр. Сондықтан, бұл маусым да көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын.
Данияр Асылбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15