Үш ғасыр бойы сақталған көне ғимарат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ғасыр бойы сақталған көне ғимарат

09.03.2023

Үш ғасыр бойы сақталған көне ғимарат. Түркістан облысындағы Қарнақ ауылының тумасы байырғы мешіт-медресені бүгінде мұражайға айналдырған. 40 жыл ішінде үш мыңға тарта жәдігер жинақтап, көне Қарнақтың кезінде білім орталығы болғанын дәлелдеді. Бүгінде сан ғасырлық тарихы бар, қойнауы сырға толы мұржайды тамашалауға мыңдаған турист келеді.

Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:

Шаммат ишан Ахмет Ясауи шәкірттерінің бірі болған. Мына ғимарат сол кісінің бастамасымен 1789 жылы мешіт-медресе ретінде салынған. Ал 1917 жылға дейін мұнда қазақ халқының бетке ұстар азаматтары білім алған.
Өткен ғасырда бұл ғимарат жетім балалардың үйі болып, кейін қараусыз қалған. Кейін Қарнақ ауылының тұрғыны тарихшы Бекташ Мирзаев өңірдің тарихи жәдігерлерін жинақтап, халықтық мұражайға айналдырған. Жергілікті тұрғындар көне ғимараттың білім орталығы болғанын жақсы біледі.

Толқын Сайытмұратов, Қарнақ ауылының тұрғыны:

Мұхтар Әуезовтың бабасы Бердіқожа деген оқыған бұл жерде. Шортанбай деген оқыған. Молда Мұса деген оқыған. Бүкіл зиялы қауымдар осы Қарнақта оқыған.

Қазір мұражайда орта ғасырлардан сыр шертетін 2600-ден аса тарихи жәдігер сақтаулы. Қару-жарақ пен құрал-сайманның сан түрі, қыш және мыстан жасалған құмыралар, әшекей бұйымдар Қарнақ халқының металл балқыту, қолөнер мен егіншілік сынды түрлі кәсіпті ерте замандарда меңгергеніне дәлел.

Әнуар Мырзаев, Шаммат-Ишан мұражай қорының төрағасы:

25 мешіт болған. 6 медресе болған. Бұл жерде Өзбекстаннан, Қазақстанның басқа жерлерінен келіп осында оқыған. Кейін Қаз реставрация жәрдем берді. Мәдени мұра бағдарламасымен істеттік. Содан сақтап қалдық.

Бүгінде көне ғимаратты көріп, құнды жәдігерлерді тамашалау үшін мұражайға жыл сайын 5 мыңға жуық турист келеді. Өйткені ескі шаһарды аралап жүріп, сол дәуірдің бағзы мәдениетін, тұрмыс тіршлігін сезінуге болады.

Тоқтамұрат Әбсалихов, мұражай қызметкері:

Бізде құнды жәлігерлерімізден лайдан, балшықтан, керамикадан жасалған, латуньннан, мыстан жасалған әшекей бұйымдарымыз бар. Әжелеріміз той рәсімдеріне таққан тақыншақтарымыз бар. Қылыштарымыз бар, дулығаларымыз бар.

Десе де, мұражай қызметкерлерін көне ғимараттың қазіргі жағдайы алаңдатады. Себебі, жылыту жүйесіндегі ақаудан күмбезінен су ағады. Кейбір қабырғалары ылғал тарта бастаған. Осылай жалғаса берсе, ғасырлар бойы сақталған мешіт медресе құлап қала ма деп қорқады.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу