Футзал: Қазақстан Словениямен тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзал: Қазақстан Словениямен тең түсті

09.03.2023

Футзалдан Қазақстан командасы сенсациялық нәтиже көрсетті. Біздің жігіттер Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде Словения құрамасымен тең түсті. Ойынның алғашқы бөлігінде Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен алда болған. Е

Екінші таймда алаң иелері екі доп соғып, таразы басын теңестірді. Матч соңына дейін тартысты өтті. Марибордағы бұл кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық кезеңіне жолдама алды.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу