«Манчестер Юнайтед» «Вест Бромвичпен» тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Манчестер Юнайтед» «Вест Бромвичпен» тең түсті

21.10.2014
«Манчестер Юнайтед» «Вест Бромвичпен» тең түсті

Ағылшын Премьер лигасының 8 турының соңғы ойынында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Вест Бромвич» командасымен кездесті.

Алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Алайда, Маруан Феллайнидің голы есепті теңестірді. Ойынның 66-шы минутында Саидо Бераино гол соғып, «Вест Бромвич» жеңіске бір қадам жақындады. Дегенмен, Луи ван Гаал шәкірттері Дейли Блиндтің арқасында қарымта қайтара білді. Есеп – 2:2.

Айта кетейік, 12 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» - 6-шы орында.

 

Сурет: championat.com

Хабарламаларға жазылу