Футбол. Қазақстан Литвамен тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол. Қазақстан Литвамен тең түсті

06.03.2014
Футбол. Қазақстан Литвамен тең түсті
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Литвамен жолдастық кездесу өткізіп, тең түсті. Түркияда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
 
Есепті литвалықтар ашты. Ойынның төртінші минутында Лукас Спальвис мергендік танытты. Қазақстандық футболшылар тек екінші таймда таразы басын теңестірді. Голдың авторы - Нұрбол Жұмасқалиев (69 минут).
 
Айта кету керек, Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Красножан үшін бұл алғашқы матч болды.

Хабарламаларға жазылу