Шығыс Қазақстан облысының Желдіөзек ауылында 11 жасар шабандоз қыз тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының Желдіөзек ауылында 11 жасар шабандоз қыз тұрады

07.03.2023

Шығыс Қазақстан облысының Желдіөзек ауылында тұратын 11 жастағы Жәнел Сәуменова ат құлағында ойнайды. Қазір ол тай жарысан бастап аламан бәйгенің алдын бермей жүр. Ал Ажар Төлеуханова Астанадан өз ауылына арнайы көшіп келіп садақ атудан мергендер мектебін ашты.

Жәнел атқа мінбес бұрын әбден баптайды. Одан соң ер тұрманын салады. Алғаш рет оның тақымы атқа 5 жасында тиген. Содан бері аяғы үзеңгіде. Жәнелдің жылқыға құмарлығы анасынан дарыған. Александра да жастайнан ат құлағында ойнайды. Ал Жәнел соңғы жылдары түрлі деңгейдегі бәйгенің алдын бермей келеді.

Тек аламан ғана емес, қазір атпен шауып келіп, кедергіден секіру сияқты түрлі шеберліктерге машықтанып жүр.

Қазір елімізде ат спортымен шұғылданатын қыздар өте аз. Жәнелдің мақсаты осы олықылықтың орынын толтыру.

Жәнел Сәуменова, шабандоз:

Мен бұған дейін түрлі қашықтыққа жорға мен бәйге аттарына шаптым. Қазір кез-келген жарысқа дайынмен. Ендігі арманым ат спортының басқа түрінен жарысқа қатысу. Оған әрине ұзақ дайындық керек?

Бұл адырнасын ала өгіздей өңіреткен Ажар Төлеуханова. Астандан Алтайға көшіп келіп, ауыл балаларына садақ ату өнерін үйретіп жүр.

Қазір өңірде садақ атудан кәсіпқой спортшы мүлде жоқ. Сондықтан Ажар шығыстан команда жасақтауды алғаш қолға алып отыр.

Ажар Төлеуханова, садақ ату үйірмесінің жетекшісі:

Алғашқы чемпионатқа барған кезде де шығыс Қазақстанның намысын жаңағы Алтайдан бес қыз демекші, Алтайдан бір-ақ қыз аттанды. Сол үшін ішім күйеді де, сол үшін осыны шығыс өңірінде дамыту керек. Өйткені ауылдың балаларында мықты-мықты мергендер шығатынына сөзссіз.

Мергендер шығып та жатыр. Ажардың шәкірттері былтыр жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде топ жарды.

Олжас Керейхан, тілші:

Жалпы садақ атудың екі түрлі стилі бар. Еуропалық және түрікше. Ал садақ қазақтың бес қаруының бірі саналатындықтан әрине жанымызға жақыны түрікше ату.

Түрікше ату әдісі жебені саусақтармен қысып ұстап адырнаны тарту. Кез-келген адам бірден үйренеді. Ажар Төлеуханова шәкірттеріне осы дәстүрлі стильмен үйретеді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу