Табысын жасырған кандидат сайлаудан шеттетіледі
Табысын жасырған кандидаттар сайлаудан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері мәлімдеді. Ұйым «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалап, үміткерлер мен науқанға қатысушылардың белсенділігін зерттеумен айналысады. Округтік сайлау комиссияларының жекелеген кандидаттарды шеттеткені және полиция алып кеткені туралы жазбалар олардың назарына іліккен. Кейбірі үгіт-насихат шараларын дұрыс жүргізбегені үшін жазаланса, енді біріне тисіті декларацияны дұрыс тапсырмауы себеп болған.
Думан Жампейісов, «Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабының мүшесі:
Өзінің табыстары мен мүлкі туралы деклорацияда барлық кандидаттар ештеңені жасырмай, ешқандай мүлік, табыстарын жасырмай, барлығын толық көрсетуі керек. Егер толық көрсетпей, салық органдары қандай да бір сәйкессіздік табатын болса, онда сайлау комиссиясына тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға негіз болады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04