Өскеменде боранның соңы жауынға ұласып, қар көшкіні жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде боранның соңы жауынға ұласып, қар көшкіні жүріп жатыр

06.03.2023

Шығыста ақ жауын. Оған қарғын су қосылып, оңтүстік аудандарда жағдай қиындады. Кешелі бері-Өскеменнің көшелеріндегі көлкіген суды коммуналдық мекемелер сорғызып үлгермей жатыр. Ал таулы аудандарда қар көшкіні толастамай тұр. Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін өңірдегі бірнеше аудан мен Өскеменде 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн оқыды.

Тоқтаусыз жаңбырдан соң өскемендіктер толарсақтан саз кешіп жүр. Көшелерді көлкіген суды тазарту үшін коммуналдық мекеме мамандары арнайы көлікпен тоқтаусыз сорғызып жатыр.

Айбек Асаев, учаске бастығы:

Кешеден бері 8 машина, 20 мотопомпа күндіз-түні тоқатаусыз жұмыс істеп жатыр. Барлығы 3000 текше метер су шығарылды.

Қалада қарғын суға тосқын жұмыстары қара күзде басталған. Бүгінге дейін бір жарым шақырымдық бірнеше арық қазылса, көпірлердің астындағы мұзды ыстық сумен ерітіп жатыр.

Олжас Керейхан, тілші:

Өткен түндегі ақ жауыннан соң қаланың орталық көшелеріндегі су сорғығанымен шеткі шағын аудандарда жағдай әлі күрделі.Сай-саладан аққан су қазір мынадай бұлақ болып жатыр.

Бұлақ болып аққан су үйге кіре ме, деп- үрейленген тұрғындар күндіз-түні ауласын аңдумен жүр.

Қалымбек Кеңліков, Ахмер ауылының тұрғыны:

Мына жақта зираттың ар жағынан бастап, суды осылай бұрып тастаған. Ол келеді де қайта шегініп үйлерге басады.

Үйлерді баспас үшін екі ауыр техника жолдың астындағы құбыр мен су ағарды тазалап жатыр.

Күн райы сәл жылынғаннан бері жазықтағы қар толассыз еріп жатыр. Бірақ таулы аймақтарда көшкін толастамай тұр. Қауіпсіздік үшін тек осы қыста 80 рет жасанды жарылыс арқылы 310 мың текше метр қар түсірілді.

Омар Дүзгенбаев, «ҚазСелденҚорғау» РМК облыстық филиалының директоры:

Күннің жылуына байланысты. Қардың қалыңдығы 30 сантиметрден 180 сантиметрге дейін. Бірақ осының бәрін бақылаушылар күнделікті қадағауда.

Тек таудағы қар ғана емес өзендердің сағасында кептеліс болып, сең жүрмес үшін арнайы мамандар мұзды жарып жатыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу