Бүгін Астанада «Үйлену» музыкалық комедиясының премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада «Үйлену» музыкалық комедиясының премьерасы өтті

03.03.2023

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында «ҮЙЛЕНУ» атты музыкалық комедияның премьерасы өтті. Туынды авторлары Еркін Жуасбек пен режиссер Нұрлан Жұманиязов. Өнер саңлақтарының жетекшілігімен қойылған шығармада байлық пен мансапқа қызығушылық, адалдық пен сатқындық сынды адам болмысындағы қарама-қайшы мінез-құлық бейнеленген. Осыны бере отырып, отбасы құрудағы құндылықтар суреттелген. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туынды наурыздың 4-і мен 5-і күндері де сахналанады.

Нұрлан Жұманиязов, режиссёр, Қазақстанның Еңбек сіңірген Қайраткері:

Біздің театр ретінде ең бірінші мақсатымыз көрерменге қандайда бір ой салу емес, бір әдемілік, сұлулық және де әр адам өзіне жар таңдағанда одан қателеспеу. Кейде біз бақытты жанымыздан іздейміз, алайда ол бақыт жанымызда жүреді.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу