Бүгін Жастар театрында «Алғашқы махаббат» спектаклі сахналанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Жастар театрында «Алғашқы махаббат» спектаклі сахналанады

25.09.2014
Бүгін Жастар театрында «Алғашқы махаббат» спектаклі сахналанады

Бүгін Астана қаласында Жастар театрында сағат 18.30-да әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісовтің шығармашылық апталығы аясында «Алғашқы махаббат» комедиясының премьерасымен VIII-театр маусымының шымылдығын ашады.  

Бүгін сахналанатын «Алғашқы махаббат» комедиясының оқу жылы басталар сәтпен тұспа-тұс келуінің өзі тегін емес. Өйткені оқиға дәл осы шақтан өрбиді.

Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған бұл комедия көрермен назарын бей жай қалдырмасы анық.

Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - танымал театр және кино актері Дәурен Серғазин. Қоюшы суретші - Ерлан Тұяқов.

Басты рольдерде: Нұрлыбек Төлеген, Мадина Май, Бейбіт Құсанбаев, Ербол Тлеукенов, Әділ Ахметов, Елдос Шайкенов.

 

Хабарламаларға жазылу