Киіз үй ішінде эксперименталдық музыкалық қойылым сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киіз үй ішінде эксперименталдық музыкалық қойылым сахналанды

25.10.2019

Елордалық «Astana musical» театрының репертуарына тағы бір керемет туынды қосылды. Бұл жолы өнерпаздар киіз үй ішінде өрбитін әсерлі «Шаңырақ» эксперименталдық музыкалық қойылымын сахналады. Музыкалық спектакль адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі сәттерін қазақтың салт-дәстүрлерімен шебер байланыстырып көрсеткен. 

Сахналық қойылымның әр кезеңі халық әндерімен әрленіп, музыкалық аспаптармен сүйемелденіп, заманауи хореографиямен үйлесім тапты. Әртістер мен көрермендер арасындағы қашықтықтың жоқтығы, уақыт пен кеңістік көкжиегінің тоғысуы киіз үйдегі ерекше атмосфераны толықтай сезінуге мүмкіндік береді. Әзірге тек алдын ала көрсетілімдері өтті. Ал қойылымның барша көрермен қауымға арналған премьерасы 5-6 қарашаға жоспарланған.

Жеңіс Сейдоллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

Экспериментальді қойылым болғаннан кейін мұнда көрермен үшін өте көп тосынсый бар. Соның ішінде заманауи хореграфия, ария, трио, хор арқылы кейіпкерлер өздерінің ішкі сезімдерін жақсы жеткізеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу