Теңге нығая түсті
Төл теңгеміз тағы 1,3 пайызға нығайды. Қазақстан қор биржасы берген соңғы мәлімет осылай. Экономистердің сөзінше, бұл - былтырдан бергі ең жақсы көрсеткіш.
Қазір ол ақша айырбастау пункттерінде 432-437 теңгеден саудаланып жатыр. Мамандар мұндай құбылысқа сыртқы және ішкі факторлардың әсер еткенін айтады. Ұлттық банк наурыз айында республикалық бюджетке 850 млн долларға дейін трансферт аударады. Бұл валюта бағамына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ елдегі инфляцияның өсуіне байланысты базалық ставканың артуына да ықпал етуі ықтимал. Сарапшылар алдағы уақытта АҚШ долларының құны арзандай беретінін болжап отыр.
Әлихан Ғаділбеков, экономист:
Наурыз айында теңге әрі қарай 415-420 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Ұлттық банктің бюджетке жасайтын трансферттері жалғасатын болса. Бірақ, Қазақстан үшін нығайған теңге кері әсерін тигізеді. Себебі, біз экспортқа негізделген мемлекет болғандықтан, мұнайдан түсетін қаражат азайып, республикалық бюджеттің жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде сайлауды бақылаушыларға арналған жаңа нұсқаулық жарияланды
04.07.2026, 16:42
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді
04.07.2026, 14:29
Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл: «Ғасыр дауысы» атты музыкалық кеш өтті
04.07.2026, 10:28
Ата Заң – әділетті қоғам кепілі
03.07.2026, 20:59
Жаңа Конституцияның тарихи құжаттары Президент архивіне тапсырылды
03.07.2026, 20:58
«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын
03.07.2026, 20:57
Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына орай құттықтау хат жолдады
03.07.2026, 20:56
Елордада киберспорттан Әлем чемпионаты өтеді
03.07.2026, 20:52