Батыс Қазақстанда сайлауға дайындық тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда сайлауға дайындық тексерілді

03.03.2023

Батыс Қазақстан облысында 689 сайлау комиссиясы, 504 сайлау учаскесі құрылды. Аймақта 442 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Облыстан Мәжіліс және мәслихат депутаттығына 532 кандидат тіркелген.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелеріне барып, саяси науқанға дайындық барысымен танысты. Комиссия мүшелерімен кездесіп, олардың сайлау туралы заңнаманы, дауыс беру тәртібін қаншалықты меңгергені тексерілді. Себебі сайлаудың әділ өтуі үшін комиссия мүшелері заңды жетік білуі керек, сондықтан оларды оқытуға үлкен мән беріліп отырғанын айтты.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

19 наурызда болатын осы сайлауда, бірінші, Мәжілістің 8-ші шақырылымның депутаттарын сайлаймыз. Екіншіден, барлық 223 мәслихат депутаттары бір күнде сайланады. Бұл екі сайлауды өткізудегі жауапкершілік салмағы сіз бен бізге түседі.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу