Кубаның шығысында орман өрті әлі қаулап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кубаның шығысында орман өрті әлі қаулап тұр

03.03.2023

Кубаның шығысында орман өрті әлі қаулап тұр. Оның басталғанына 12 күн болды. Лапылдаған жалын Холгун провинциясындағы кофе алқаптарын да шарпыған. Тілсіз жаумен күреске бірнеше тікұшақ жіберілді. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, оттың өршуіне аптап ыстық пен ұйытқыған жел себепші. Бостандық аралында қаңтарда өрттің 80 ошағы анықталған еді, ал ақпанның 18-де ағаштар қайта жанып, бүгінге дейін қаншама гектар жасыл желек күлге айналды.



Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу