Австралияда аптап ыстықтан мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда аптап ыстықтан мектептер жабылды

19.09.2023

Австралияда аптап ыстықтың беті қайтпай тұр. Елдің оңтүстік-шығысында орман өрті қаупінен мектептер жабылды. Ал Сидней көшелерінде от жағуға мүлдем тыйым салынды. Сынап бағанасы +34 градусты көрсетіп тұр. Бұл мезгілде күннің осыншама шыжуы әдетте Австралияға тән емес. Оның үстіне елдің Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 61 орман өрті тіркелген. Тілсіз жаумен 500-дей маман күресіп жатыр. Өрт күшті желдің әсерінен өрши түсуі мүмкін деген де үрей бар.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу