Партиялар пікірсайысы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр
Партиялар арасындағы пікірсайыс әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Нағыз саяси тартыс болды дейді көпшілік. Әр алуан пікір айтылды. Бастысы барлығына да теңдей мүмкіндік жасалған.
Ерболат Мұхамеджан:
Осы жолғы пікірсайыс қызық өтті, формат өте сәтті таңдалған. Бізде әлі де қоғамның мұндай пікірсайысқа үйренбегені байқалады. Бір-біріне мүлде күрделі сұрақ қоймай, әп-әдемі сценариймен өтетінге көз үйренген. Бүгін болса ашық, өткір болды.
Lyazzat Akhatova:
Телевизиялық пікірталас көп нәрсеге көзді ашты. Жеті партияның жай-күйінен, деңгейінен хабар берген, қайсысының әлеуеті қандай екенін айқындаған пікірсайыс болды.
Диас Нұрақын:
Пікірсайыс бастан-аяқ қазақша әрі тартысты өтті. Партияның көптігінен бе көп-көрім пікірталас болды. Микрофонды өшіріп тастаса да өршеленіп сөйлеп кеткендер көп. Десе де дайындықсыз келгендері де бар екен.
Бибі Айша:
Пікірсайыс емес, сойқан тартыс дерсің. Бәрінен де жүргізушіге жаным ашып кетті. «Құрметті мырзалар, тыныштық сақтаймыз», «сөзді бөлмейміз».... тағысын тағы...
Асхат Қасенғали:
Бұл пікірсайыс партияларға үлкен мүмкіндік еді. Бағдарламаларының жақсы тұстарын, тың ұсыныстарын айтып, электорат жинауға болатын еді. Кей партия оны қолданды, енді бірі қызыл сөз бен жеке айыптауға көшіп, бос айғаймен ол мүмкіндікті жіберіп алғандай әсер қалдырды. Дегенмен партиялар арасында пікірсайыс болғанын қолдаймын, бұл керек тәжірибе. Саяси мәдениеттің қалыптасуына да жақсы әсер етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05