Пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысты.
Жалпы, сөз жарысы 4 кезең бойынша өрбіді. Бірінші кезеңде - кандидаттар әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ұсынысын айтты. Екінші кезеңде - саяси ұйым өкілдері арасында дискуссия өтті. Партия өкілдері сөз жарысына түсіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Ал, үшінші кезеңде 2 минут ішінде сайлауалды тұғырнамасының үш негізгі бағытына тоқталды. Соңғы кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасады.
Нұрбек Матжани, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы:
Шынын айту керек, қашан осылай тікелей эфирде мәжіліске баратын партиялардың пікірсайысы өткені есімде жоқ. Мұны партиялар әбден күткені көрініп тұр. Эмоция көп болды. Шынымен қызықты өткенін көрдік және оған куә болдық деп ойлаймын.