Қостанай облысында жол жабылып, көлік қозғалысы тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жол жабылып, көлік қозғалысы тоқтады

28.02.2023

Қостанай облысында жаяу борасын күшейіп, бірнеше бағытта жол жабылды. Соның салдарынан Әулиекөл және Октябрь ауылдарының шыға берісінде 41 жеңіл және 123 жүк көлігі сапарын жалғастыра алмай орта жолда қаңтарылды. Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті әкімдік жолда қалған 14 жолаушыны ауыл мектебіне орналастырды. Олардың үшеуі бала. Төтенше жағдай қызметі мен жол полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу