Қостанай облысында жолдар жабылып, сабақ онлайн өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жолдар жабылып, сабақ онлайн өтіп жатыр

05.12.2023

Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауып, көшелерді көк мұз басты. Соның салдарынан қозғалыс қиындап, қоғамдық көліктер кестеден кешігіп, жолаушыларды әуре-сарсаңға салды. Бірнеше бағытта қалааралық қатынас тоқтады. Облыс аумағындағы барлық мектептер мен колледждерде таңғы ауысымдағы сабақ қашықтан өткізіліп жатыр. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Ондаған арнайы техника түні бойы көшеге құм аралас тұз сеуіп, қар мен мұзды қырды.Таңертеңгілік қоғамдық көліктердің қозғалысы қалыпқа келіп, кестеге сай жүре бастады. Жалпы, кеше түнде ауа райына байланысты еліміздің бірнеше аймағында көлік қозғалысы тежелген. Мысалға, Ақмола облысы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан өңірінде бірқатар бағыттағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу