Грекия астанасында бүгін боран соғып, қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия астанасында бүгін боран соғып, қалың қар жауды

06.02.2023

Грекия астанасында бүгін боран соғып, қалың қар жауды. Ауа-райының қолайсыздығынан, Афиныда мектептер, дүкендер жабылды. Мемлекеттік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр.

Себебі, орталық жолдарда және ұлттық тас жолда көлік қозғалысы тоқтады. Халықаралық әуежайға жақын метро станциялары жабылып, пойыз қатынасында да, ауытқуылар болып жатыр. Билік тұрғындарға аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпауға кеңес берді.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу