Бірқатар облыста көлік қозғалысы шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар облыста көлік қозғалысы шектелді

20.01.2014
Бірқатар облыста көлік қозғалысы шектелді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазақАвтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Қарағанды облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» жолының 1353-1425 шақырымындағы  Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау аралығы жабық тұр.
 
Қостанай облысы өңірінде «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» жолының 509-549 шақырымындағы Рудный мен Қостанай аралығы, «Екатеринбург - Алматы» жолының 374-544 шақырымындағы РФ шекарасы мен Қостанай аралығында көлік қозғалысы шектелді.
 
Сондай-ақ, Павлодар облысында бүгін түсте «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 205-259 шақырымындағы Шідерті мен Астана аралығындағы жол жабылды.
 
СҚО аумағында барлық автокөлік түрлері үшін «Мамлютка-Қостанай» жолының 0-180 шақырымы аралығында көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.
 
Сонымен қатар, Ақмола облысы аумағында бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.
 
Қазіргі кезде бұл жолдарда «ҚазақАвтожол» РМК-ның өңірлік филиалдарының арнайы техникалары мен қызметкерлері кезекшілікке шықты.

Хабарламаларға жазылу