Елімізде шамадан тыс ауаны ластайтын көліктерге салынатын айыппұл өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шамадан тыс ауаны ластайтын көліктерге салынатын айыппұл өседі

13.01.2021
Елімізде шамадан тыс ауаны ластайтын көліктерге салынатын айыппұл өседі

Қазақстанда шамадан тыс ауаны ластайтын автокөліктерге салынатын айыппұл көлемі артады, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаға тиісті нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге салынатын айыппұл мөлшері артады. Бұл Кодекстің «ластаушы төлейді» принципіне сәйкес келеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334 бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес, шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 айлық, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді», делінген хабарламада.

Ал бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғаларға - 20, заңды тұлғаларға - 200 АЕК айыппұл салынады. 

Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады.


автокөлік айыппұл

Хабарламаларға жазылу