Сайлау: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті

23.02.2023

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауына түсетін партиялардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Үміткерлер өңірлерді аралап, халыққа бағдарламаларын таныстырып жүр.

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысына барды. Теміртаудағы экологтармен, қала белсенділерімен және өнеркәсіп орындарының өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Костенко атындағы шахтада партиялықтар көмір өндірушілер мен металлургтер кәсіподақ ұйымы өкілдерінің, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс берушінің жауапкершілігін және өндірістегі қауіпсіздікті арттыру мәселелерін талқылады. Бұдан соң партиялықтар Қарағанды қаласындағы «Сұрыптау» теміржол станциясының еңбек ұжымымен көлік және логистика саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі Теміртау тұрғындары үшін бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан біз осы өңірдегі алғашқы кездесуді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арнадық.


Хабарламаларға жазылу