Онлайн марафонның жұмысы қыза түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн марафонның жұмысы қыза түсті

20.11.2022

"Қазақстан" телерадиокорпорациясының ұйымдастастыруымен өтіп жатқан онлайн марафонның жұмысы қыза түсті. Дискуссия алаңында саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері түрлі тақырыптағы өзекті мәселелерді талқылап жатыр. Мәселен, жұмыссыздық жайы, азаматтық қоғам туралы ой қозғалды.

Асылбек Данияр, тілші:

Жаңа ғана «Қоғам және мемлекет: ортақ мүдде» тақырыбында өткен дебатқа куә болдық. Дискуссия алаңында елге белгілі саясаттанушылар, мәжіліс депутаты, БАҚ өкілдерінің пікірталасы елде елең еткізгені сөзсіз. Енді, мұндағы атмосфераны сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұнда «экспресс алаңы» да қызу жұмыс істеп тұр. Әріпестеріміз спикерлерден сайлау туралы ғана емес, отандық ғылымның, мәдениеттің дамуы жайында пікірлерін біліп жүр. 
Таңғы 9-да басталған онлайн марафон түнгі бірге дейін жалғасады. Инфортеймент және политеймент форматында өтіп жатқан ауқымды шараны елімізге танымал 27 тележурналист тізгіндейді. Мұнда тек сұхбат, талқылаулар ғана емес, бірқатар жұлдыздар сахнада ән шырқайды. Бас аяғы 1500-нан астам, қонақпен сұхбат жүргізіледі. Құрметті көрермен, сіздер марафонды Отандық теле-радио-арналар мен олардың интернет ресурстары және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сонымен бірге, Ұлттық арнаның тілшілері сағат сайын саяси науқан туралы соңғы жаңалықтармен бөліседі. Назарыңыз бізде болсын, қымбатты көрермен!


Хабарламаларға жазылу