Алматы облысында егін орағы қыза түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында егін орағы қыза түсті

02.08.2014
Алматы облысында егін орағы қыза түсті

Биыл Алматы облысында өнім былтырғымен салыстырғанда екі есеге артық болады деп межеленіп отыр.

Диқандардың айтуынша, бұл басы ғана, өнімділік көрсеткіші бұдан жоғары болмақ. Оны енді  күзгі жауын-шашынның астында қалдырмай, қамбаларға дер кезінде құйып алу қажет.

Осыған байланысты мемлекет те шаруаға барынша қолдау көрсетіп отыр. 6-7 миллион теңге көлемінде субсидия төленді, жанар-жағармай да арзандатылған бағамен берілуде.

Жалпы, Алматы облысында 914 мың гектар жерге егін егілді. Биыл 431 миллион теңгенің өнімі өндіріледі. Жетісулық диқандар ел қамбасын толтыруға үлес қоспақ. 

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу