Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот отырысы тікелей эфирде көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот отырысы тікелей эфирде көрсетілді

02.05.2024

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасау ісіне қатысты сот процесі тікелей эфирде көрсетілді. Оқиға қаңтар айының соңында қаладағы ауланың бірінде болған. Күдікті жүргізушіге бірнеше ауыр соққы жасаған. Бұл оқиға бейнежазбаға түсіп, желіде шу тудырды. Бүгін Қарағанды қаласында онлайн-трансляция арқылы медициналық сараптама қорытындысы жарияланды. Іс бойынша барлығы 7 отырыс өтті.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу