АҚШ-та боран соғып, 500 мыңдай тұрғын жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та боран соғып, 500 мыңдай тұрғын жарықсыз қалды

25.02.2023

АҚШ-та бірнеше күннен бері боран басылмай тұр. Мичиган штатында бір адам қаза тапқан. Мұнда 500 мыңдай адам электр жарығынсыз қалды. Қар аралас жаңбыр жауып, жел сағатына 65 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Жолдарда көлік қатынасы қиындады. Қолайсыз ауа-райы әуе қатынасына да әсер етті: 1 мыңнан аса ұшақ рейсі доғарылған. Ауа райы болжамы да көңіл көншітерлік емес. Кей жерлерде боран күшейіп, Лос-Анджелес, Глендейл тәрізді бірнеше қалада бүгін кенеттен су тасқыны жүруі ықтимал екені ескертілді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу