Құмды дауылдан Бейжің мен бірнеше провинция зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құмды дауылдан Бейжің мен бірнеше провинция зардап шекті

15.03.2021

АҚШ-та алапат боран соғып, Денверде жүздеген әуе рейсі доғарылып, талай автомагистраль жабылды. Ал, Вайоминг, Небраска, Оңтүстік Дакота штаттарында қалың қардан кейін жел ұйытқып, көктайғақ болатыны ескертілді. Колорадодағы жағдай да мәз емес. Мұнда 30 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалып,үлкен тас жолдар бөгеліп, көлік қатынасы қиындап отыр.

Ал, Қытай астанасы Бейжіңді сары тозаң басты. Ол қатты желмен бірге Гоби шөлі мен солтүстік-шығыстан жеткен. Бұл аймақта соңғы онжылдықта мұндай сұрапыл дауыл соқпаған екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша, ауада қалқып жүретін зиянды бөлшектер шамасы бір текше метрде 50 микограммнан аспауы керек. Ал, Бейжіңнің кейбір аудандарында бұл көрсеткіш 8000 микрограммға жеткен.

Құмды дауылдан Бейжің айналасындағы Ганьсу, Шэньси, Хэбэй провинциялары да зардап шегіп жатыр. Ал, Моңғолияда одан 6 адам мерт болып, 80-нен астамы жоғалып кеткен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу