Атырауда өнер майталмандары тегін концерт өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда өнер майталмандары тегін концерт өткізді

23.05.2015
Атырауда өнер майталмандары тегін концерт өткізді

Атыраулықтар әсем ән мен тәтті күйге бөленді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Нұрғали Нүсіпжанов пен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының оркестрі мұнайлы өңірдің тұрғындарына концерттік бағдарламаларын тегін ұсынды.

Алдымен, өнерпаздар Атырау қаласының Махамбет атындағы драма театрында, кейін мұнайлы өңірге қарасты Индер ауданының Мәдениет үйінде қалың көрерменге әннен шашу шашып, күмбірлете күй төкті.

Бұдан бөлек, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ұжымы осы жылдың күзінде үлкен симвониялық оркестр мен мемлекеттік хор капелласын қосып, Атырау өңірінде тағы бір рет өнерлерін көрсетпекші.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу