Талдықорғанда «Тараз - ғасырлар куәсі» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Тараз - ғасырлар куәсі» атты көрме ашылды

30.09.2014
Талдықорғанда «Тараз - ғасырлар куәсі» атты көрме ашылды

Талдықорғанда Жамбыл облысының мәдениет күндері басталды. Мәдени байланыстың алғашқы күнінде «Тараз-ғасырлар куәсі» атты облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесін жұрт назарына ұсынды. Шара аясында облыстық қазақ және орыс драма театрлары бірнеше қойылымдарды сахнаға шығарады. Сондай-ақ, Әулиеата жерінен келген зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар талдықорғандық оқырмандармен жүздеседі. Жамбылдық өнер майталмандары мен сахна саңлақтары  Жетісу жерінде 2-ші қазанда гала-концерт ұйымдастырып, рухани сапарын қорытындылайды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу