Петропавлда құжаты жоқ 1500 пәтер анықталды
Петропавлда қалалық әкімдік балансында құжаты жоқ 1,5 мың пәтер тұрған. Олардың кейбірі заңсыз жалға берілген. Тұрғын үй саласын тексерген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері жетім балалар санаты бойынша кезекте тұрған 1360 адамның тізмнен еш негізсіз алынып тасталғанын да анықтады. Керісінше, кезекте жоқ 70 тұрғынға баспана берілген. Олар әкімдік меншігіндегі баспаналардан шығарылды. Босаған үйлер шын мәнінде мұқтаж адамдарға беріледі.
Сергей Перов, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:Біз еш құжаты жоқ 1500 пәтерді анықтадық. Басшыларың өзі ол үйлерің қалалық әкімдік балансында екенін білмейтін болып шықты. Оған мамандардың жиі ауысуы себеп. Жұмыс тиісті деңгейде атқарылмаған, ал құжаттар жоғалып қалған. Аталған мекен жайларды полициямен бірге аралап, кімдер тұрып жатқанын анықтадық.
Э.Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15